«Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауарларды алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды», деп хабарлайды Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 4-ші сәуірінде Ресейден Тәжікстанға бағытталған автокөлікте «Қапланбек» кеден бекетінде Түркістан облысы МКД-нің қызметкерлері ҚР ҰҚҚ қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған оргтехника тауар бары анықталған.
Тәжікстан азаматы Р. Т. жүк автокөлігімен тауарларды заңсыз алып өтпек болған. Нәтижесінде жалпы құны 5 млн. теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері бар тауарлар тәркіленді.
Аталған факт бойынша ұсталғандар жауапқа тартылды.