Коронавирусқа қарсы екпені 36 пунктте жүргізеді

113

Шымкент қаласында ковидке қарсы екпе егу пункттерінің қатары артты. Бұған дейін 26 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазіргі таңда екпе егу пунктерінің саны 36-ға көбейді.

⠀ Емханалардағы екпе егу кабинеттерінің барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екпе салатын қызметкерлер арнайы оқытудан өткен. Бүгінге дейін қалада 8395 адамға ковидке қарсы вакцина салынды. Екпе алғандардың 4907-і медицина қызметкері, 564-і полицей және 2668-і мұғалім болса, қалғандары басқа да санаттағы азаматтар.