Қалада неше мал басын ұстауға болады?

1282

Шымкент қаласы  тұрғындарының арасында  мал ұстайтын көршілеріне нарызылар жеткілікті. Әсіресе, күн ысығаннан бері арызданушылар қатары да көбейеді.

«Жеке секторда тұратын азаматтарға неше мал басын ұстауға рұқсат?»-деген сауалды  қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысы Асқар Қаныбековке қойған болатынбыз.

«Қала аумағында мал ұстауға шектеу жоқ, алайда тұрғындар талаптарды орындауы тиіс, ол төмендегідей:

1 ешкіге          11.7   шаршы/метр

1қойға            11,6    ш.м.

1 сиырға        30,1   ш.м.

1 жылқыға     38      ш.м.

қорасында орын болуы шарт»,- дейді басқарма басшысы.

Санитарлық талаптарды орындамаған мал ұстайтын азаматтарға қатысты шағымдарыңыз болса, қала  әкімдігіне жолдаңыз. Арызыңыз бойынша ветеринария инспекциясы шара көреді.

Шынар Оразова