Шымкентте мектеп түлектерін атестаттау 28 мамырда басталады

148

Шымкент қаласында 2020-2021 оқу жылындағы мектеп түлектерінің қашан аттестация тапсыратыны белгілі болды.

9, 10 сынып оқушылары үшін:

28 мамыр- оқыту тілі бойынша қазақ/орыс тілінен және ана тілінен эссе түрінде, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін жазбаша емтихан-жазбаша жұмыс;

3 маусым-математикадан /алгебрадан/ жазбаша емтихан;

7 маусым-өзге тілде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті үшін жазбаша емтихан.

11, 12 сынып оқушылары үшін:

1 маусым — оқыту тілі бойынша қазақ/орыс тілінен және ана тілінен эссе түрінде, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін жазбаша емтихан-жазбаша жұмыс ;

4 маусым-алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
10 маусым-өзге тілде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орын тілінен тестілеу.

Қайта қорытынды аттестаттау санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілетін болады.

Шынар Оразова