Биыл елімізде жалпы ұзындығы 600 шақырымнан асатын 4 жолдың құрылысы басталады: «Қызылорда – Жезқазған» тас жолы, Түркістандағы шығыс айналма жолы, Шымкент қаласындағы Оңтүстік-Батыс айналма жолы мен Сарыағаш қаласының айналма жолы. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде салынатын Шымкент қаласының -Оңтүстік-Батыс айналма жолының жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, аталған жобаны осы жылы бастау жоспарлануда. Республикалық маңыздағы жол төрт жолақты және 1б дәрежелі болып, қарқындылығы тәулігіне 25 мың көлік болады деп күтілуде.

Ал бұл жобаның Шымкент қаласы аумағымен қатынайтын 20 мыңға жуық транзиттік және басқада автокөліктердің айналма жолмен қатынап, қала аумағындағы көлік кептелісін сейілтуге және жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізбек.
Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.