Орта Азиядағы ірі автожол жобасының құрылысы аяқталуға жақын

54

Орталық Азиядағы ірі автожол жобасы – Алматының үлкен айналма жолының құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуынша, автожол құрылысы бойынша барлық негізгі жұмыстар аяқталды.

«Қазіргі кезде абаттандыру және жол ақысын алу жүйесі орнатылып жатыр. Концессия туралы заңға сәйкес, жобалар инвесторларға мемлекет балансына қабылданғаннан кейін ғана беріледі. Осыған байланысты 2023 жылдың екінші жартысында жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр», – дейді Абдуллин.

«Бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қолға алынған Орталық Азиядағы жол құрылысының ең ірі инфрақұрылымдық жобасы болып табылады. Аталған жоба жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мегаполис көшелеріндегі кептелісті азайтады және экологиялық жағдайды жақсартады», – деп көрсетті Абдуллин.