Күні бүгінге дейін 76 мыңнан астам шымкенттік вакцина қабылдап үлгерген. Қалалық денсаулық сақтау басқарасы басшысының айтуынша, бұл екпенің тек 1-ші компонентін салдырғандар саны. Осылайша, үшінші мегаполис вакцина алудан республика бойынша 5-ші орында.
Бақытжан ПОЗИЛОВ, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Күні бүгін қаламызға 10 610 доза коронавирусқа қарсы вакцина келді. Сағат онға дейін оны бүкіл қаладағы емханаларға тараттық. Және осы жексенбі күні Шымкент қаласына тағы да 30 000-нан аса вакцина келеді деген, күтіп отырмыз».
Дәл қазіргі таңда Шымкентте 39 екпе егу пунктінде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болады. Арнайы орындар таңғы сағат 8:00-ден түнгі 22:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Екпеге қатысты қандай да бір сұрақтар болса, 109 айкөмек нөмеріне немесе 39-33-47 Денсаулық сақтау басқармасының кол орталығына хабарласуға болады.
Айта кетейік, қаладағы инфекциялық орталықтарда 500-ден аса науқас бар. Олардың 273-і коронавирусқа шалдыққандар. Өкінішке қарай, соңғы аптада 3 адам қауіпті індеттен көз жұмды. Соңғы тәулікте 131 тұрғыннан тәжівирусы анықталды. Ал жыл басынан бері 3155 адам қауіпті індетті жұқтырған.
Олжас Айдарбек