Шымкенттіктер вакцинаны сауда үйлерінде салдыра алады

748

Үшінші магеполистегі SHYMKENT PLAZA сауда үйінде де короновирусқа қарсы екпе егу пункті орналастырылды. Мұнда Шымкент теміржол ауруханасының дәрігерлері таңғы сағат 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс жасайды.

Бұл егу пунктінде кез-келген сауда үйіне келушілер мен қызметкерлерінің вакцина салдыруына болады. Ескеретін бір жайт, егер тұрғын вакцинаның 1-ші компонентін сауда үйіндегі егу пунктінде салдырса, 2-шісін де осы жерде немесе Шымкент теміржол ауруханасында алуы қажет.

Шымкент қаласының тұрғындары енді «Шымкент плаза» сауда үйінде вакцина салдыра алады. Сауда үйіндегі егу пунктері бүгіннен бастап жұмысын бастады. Сондай-ақ келушілерге үгіт-насихат жүргізетін топ та құрылған. Олар тұрғындарға түсіндірме қағаздарын таратуда. Шымкент теміржол ауруханасының қызметкерлері таңғы сағат 10:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін екпе егуге дайын.

Жадыра АГИШАНОВА, «Шымкент теміржол ауруханасы» ЖШС-нің директоры:
«Біз өзіміздің бригадамен келіп сағат 9-дан бастап бастадық. Бұл жерде бригаданың вакцина салу жұмыс уақыты сағат 10-нан кешкі 8-ге дейін болады. Әр осы жердің жұмыскерлері осы Шымкент плазаға келген қонақтар және де басқа да осы қала тұрғындары осы жерге келіп вакцина салуға болады».

Шымкент тұрғыны Николай Суровяткин короновирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін бүгін салдырды. Оның сөзінше егу пунктінің сауда үйінде болғаны өте ыңғайлы. Сондай-ақ вакцина салдыруды құп көрген оның отбасы да екпе алуға дайындық үстінде екен.

Николай СУРОВЯТКИН, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мұны өте жақсы ұйымдастырған. Ешқандай қиындықсыз келіп вакцина салдыра аласың. Сондықтан бұл үшін өз алғысымды айтамын. Мен міне қазір ғана вакцина алдым. Ешқандай ауру болған жоқ. Өзімді жақсы сезінудемін. Негізі менің жасым алпыстан асты. Бірақ мен дәрігерлерден сұрап, вакцина салдыруға шешім қабылдадым. Мұны дұрыс деп ойлаймын».

Айта кетейік, «Шымкент плаза» сауда үйінде вакцинаның 1-ші компонентін алған жандар, 2-ші компонентті де дәл осы жерде немесе Шымкент теміржол ауруханасында алуына болады. Вакцинацияланған адамның ұялы телефонына 2-ші компонентті салдырыңыз деген хабарлама келеді. Онда вакцина салдыру күні мен мекен-жайын жазылады.

Мөлдір Ибадуллаева