Шымкент қаласында соңғы бір тәулікте 5105 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Екпе алғандардың басым бөлігі негізгі санаттан тыс қала тұрғындары.

Мамандарының сөзінше, қазірде қарапайым адамдар арасында екпе алғандардың саны көп. Әсіресе емханаларда жасы егде адамдар бірінен соң бірі келіп, екпе салдыруда.
Қалада 38 вакцина пункті жұмыс істеп тұр. Бұған қоса арнайы жылжымалы егу пуктерінің жұмысы ұйымдастырылған.

Бүгінге дейін қалада 21 748 азаматқа коронавируске қарсы вакцина салынды. Емханалардағы екпе егу пунктерінің жұмыс уақыты түнгі сағат 22:00-ге дейін ұзартылып, демалыс күндері өз еркімен келісім берген азаматтарға вакцина салынуда.