Түркістан болашақта жасыл қалаға айналады

287

Түркістанды көгалдандыру бағытында суғару жүйесін жетілдіру шаралары қолға алынған.

Нәтижесінде, бүгінде әуежай төңірегіндегі 140 мың жасыл желек, 200 мың түп қара өрік көшеттері кестеге сәйкес суғарылуда.

Шаһардың Бас жоспары жобасына сәйкес, қала айналасынан 8 мыңға жуық гектар аумаққа «Жасыл белдеу» құру жоспары жыл соңына дейін толық жүзеге аспақ. Кешенді жоба бойынша қаладағы кіші каналдар күрделі жөндеуден өткізіліп, қалаға су тартылуда. «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобасы, «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салу, «Машиналық әдіспен су беру», «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жұмыстары да басталды.

Бұл жазы ыстық Түркістанның жасыл желекке орануына сеп болады.

Шынар Оразова