Түркістан облысында қазіргі уақытта Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 28 ардагер тұрады. Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге байланысты олардың әрқайсысы 1 млн. теңге көлемінде біржолғы төлем алады.
Сондай-ақ, соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 214 тұлғаға біржолғы материалдық төлем қарастырылған. Жалпы, Түркістан облысыны бойынша 6808 ардагерге Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 233,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Төлемдер 4 мамырға дейін толық аяқталады.
Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек
— 28 Ұлы Отан Соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – 1 млн.теңге теңге;
— 6722 тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне – 30 000 теңге;
— 55 блокадалық Ленинградтың тұрғынына, соғыста қайтыс болғандардың жесірлеріне – 60 000 теңге;
— 3 кәмілетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, ҰОСҚ,ҰОСМ теңестірілген басқа да санаттарға – 100 000 теңге белгіленді.
Түркістан облысы бойынша Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің бейнесімен билбордтар орнатылады. Сонымен қатар, өңірдегі барлық аудан, қалаларында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, құттықтау шаралары жүргізіледі. Ардагерлер ұйымдарының төрағаларымен бірлесіп өткізілетін шара барысында карантин талаптары қатаң сақталады.
Шынар Оразова