Түркістан облысында ҰОС 28 ардагеріне 1 млн. теңгеден беріледі

348

Түркістан облысында қазіргі уақытта Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 28 ардагер тұрады. Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге байланысты олардың әрқайсысы 1 млн. теңге көлемінде біржолғы төлем алады.

Сондай-ақ, соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 214 тұлғаға біржолғы материалдық төлем қарастырылған.​ Жалпы, Түркістан облысыны бойынша 6808 ардагерге Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 233,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Төлемдер 4 мамырға дейін толық аяқталады.

Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек
– 28 Ұлы Отан Соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – 1 млн.теңге теңге;
– 6722 тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне – 30 000 теңге;
– 55 блокадалық Ленинградтың тұрғынына, соғыста қайтыс болғандардың жесірлеріне​ – 60 000 теңге;

– 3 кәмілетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, ҰОСҚ,ҰОСМ теңестірілген басқа да санаттарға – 100 000 теңге белгіленді.​ ​

Түркістан облысы бойынша Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің бейнесімен билбордтар орнатылады.​ Сонымен қатар, өңірдегі барлық аудан, қалаларында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, құттықтау шаралары жүргізіледі. Ардагерлер ұйымдарының төрағаларымен бірлесіп өткізілетін шара барысында карантин талаптары қатаң сақталады.

Шынар Оразова