Қазақстандық әлеуметтік қызметкерлерге арналған сынақ аяқталды. Бұл тестілеуге мекеме басшыларынан бастап, қатардағы қызметкерлер де қатысқан болатын. Атап айтсақ, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының директорлары, бөлімше меңгерушілері, мамандар мен консультанттар біліктіліктіліктерін сынады. Және психологиялық сұрақтарға да жауап берді.
Барлығы 100-ге жуық сауалға 140 минут уақыт берілген болатын. Ал оған 11 мыңнан аса азамат қатысты. Және 91 пайызы межелі балға қол жеткізген екен.
Ерлан ӘУКЕНОВ, ҚР Халықты жұмыспен қамту жәнк әлеуметтік қорғау вице-министрі: «Әлеуметтік қызметкерлердің 91% — ы өту балын жинады. Мұндай тестілеу ел ауқымында алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өту балын жинай алмаған тұлғаларға cанкциялар қолданбаған, олар үшін оқыту семинарлары мен қайта тестілеу ұйымдастырылды».
Айта кетейік, әлеуметтік қызметкерлерге арналған сынақ өткен жылы басталған болатын. Қарашада бері өтіп жатқан тестілеу 2 кезеңнен тұрды. Яғни қызметкерлер бірінші сынақтан сүрінсе, екінші мүмкіндікке ие болып, білімін дәлелдеуі керек. Осыған қарамастан межелі балға жете алмағандар жұмыстан шеттетілген жоқ. Тек енді олар қайта семинарларға қатысып, тағы да тестілеуден өтеді.
Назерке Үкібасова