Биыл Шымкентке 400 млрд. теңге инвестиция тарту көзделген

128

Шымкент қаласындағы әрбір 30-шы тұрғын «НұрОтан» партиясының мүшесі деп атап өтті  партия жиынында   қала әкімі. Өйткені, шаһарда  жетекші партия  қатарында 35 мың  жерлесіміз бар екен. Мұрат Әйтенов  халықты қаланың  өркендеуіне үлес қосуға шақырды. Әкімінің мәлімдеуінше  Шымкентке 2019 жылы 191 млрд көлемінде инвестиция тартылған, 2020 жылы бұл көрсеткіш 278.9 млрд құрапты . Ағымдағы жылы мегаполистің экономикасын дамытуға 400 млрд  инвестиция тарту жоспарлануда. Келер жылы бұл көрсеткішті   жауаптылар 580 млрд  жеткізуді көздеп отыр. Бірігіп жұмыс атқарсақ, бұл межені де бағындырамыз деп сенім білдірді ала басшысы.

Шынар Оразова