Коронавирус жұқтырғанына қарамастан көше кезіп жүргендерді жазалау керек. Ведомства өкілдері осылай деп ұсыныс жасады. Сөздерінше енгізілген «Ашық» жобасы арқылы індет жұқтырып, үйінде отыра алмай жүргендер көптеп анықталуда.
Осыған тоқтау жасау керек деген Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау министрілігі мен бас прокуратураның жұмыла жұмыс істеуін тапсырды. Ал, еліміздің бас дәрігері болса, бүгінге дейін 3256 қазақстандықтан қызыл статус анықталғанын айтады.
Алексей ЦОЙ, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Ашық» қосымшасы қолданысқа енгізілгелі Қазақстан бойынша 3256 келушіден қызыл және сары статус анықталды. Оның 1867-сі вирус жұқтырғандар болса, 1389-ы байланыста болған азаматтар. Бұл бағдарлама Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларында да енгізілді. Нәтижесінде 37 науқас пен 37 контактідегі тұрғын табылды».
Алайда кви анықталса да қоғамдық орындарда жүргендернге нақты қандай жаза қолданылары әзірге белгісіз. Премьер-министр орынбасары енгізілетін әкімшілік жазаны әлі де сүзгіден өткізу керек деп отыр.
Назерке Үкібасова