Úı ANONS Шымкент қаласында 161 604 адам вакциналанды

Шымкент қаласында 161 604 адам вакциналанды

 

Егу науқаны басталғалы барлығы 161 604 адам вакциналанды. Оның ішінде 65 114 адам вакцинаның екі компонентін алған.

16 мамыр күні КВИ-дің 86 жағдайы тіркеліп отыр. 16 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 70 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6). Төсек-орын толымдығы – 48 %, 727 төсек-орын бос.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 16 мамыр күні 519 нысанға (517 кәсіпкерлік нысан, 2 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шаһарда сауда нысандарында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын 22 мобильдік топ жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар өзге өңірлермен салыстырғанда белсенді жүргізілуде.

Қала тұрғындарына сақтық шараларына мән беруді, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүруге шақырамыз.