Шымкент «сары» аймаққа қайта оралды

151

Шымкент қайта сары аймаққа оралды. Осыдан екі күн бұрын ғана «қызыл» белдеуге кірген үшінші мегаполис бүгін тағы орташа аймақта. Бағалау матрицасына сәйкес, қаламыз алғаш рет орташа деңгейге 1 сәуірде енген болатын. Араға 15 күн салып «қызыл» аймақтар қатарына қосылды.

Осылайша бір аптадан аса шектік белдеуде тұрып, карантин талаптары қатаңдатылған еді. Бүгінде бұл қаулы өзгеріссіз қалды.

Жалпы өткен тәулікте елімізде коронавирустан 33 қазақстандық қайтыс болды. Оның біреуі Шымкент қаласының тұрғыны.

 

Назерке Үкібасова