Табиғи газ уақытша өшіріледі

121

ТАБИҒИ ГАЗ УАҚЫТША ӨШІРІЛЕДІ
2021 жылдың 28 мамырдағы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалының хабарлауынша, Шымкент қаласында 2021-2022 жылғы жылыту маусымына және тұрмыстағы газ қолдану кезіндегі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты 1-3 маусым аралығында қалада бірқатар мекенжайларда табиғи газ уақытша сөндірілетінін хабарлаймыз.

1 маусым күні 68 жеке үй, 938 пәтер, 30 коммуналдық-тұрмыстық мекеме табиғи газдан өшіріледі.

Олар:

— Интернациональный көшесі, ПГБ-128 (8 ұжымдық ШРП).
— Абай даңғылы, №33А, 33Б, 29А,29,25,23,21;
— Парижская коммунна, №1,
— Қазанның 30 жылдығы, №2;
— Матросов көшесі, №53,53,2,35,4;
— Құрманбеков көшесі, №3, 5;
— Гагарин көшесі, №120,122,
— 1 мамыр, №15,
— Мақталы көшесі, №95,97,120,120А,17,22,1,10,5,8;
— Добролюбов көшесі, №2.

Сондай-ақ, Нұрсәт шағынауданындағы 2100 пәтер, 3 коммуналдық мекеме, 1 облыстық аурухана табиғи газдан ажыратылады.

2 маусым күні Қабанбай батыр даңғылындағы 600 пәтер, 12 коммуналдық мекеме, 3 маусым күні Жұлдыз тұрғын алабындағы 95 жеке үй және Кашурников көшесіндегі 1 үй табиғи газдан өшіріледі.

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Әрбір адамның қауіпсіздігі мен келеңсіз жағдайдың алдын-алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.