«Вакцина ана атануға кедергі емес»

77

Өткен жылы елімізде ана өлімі көбейген. Осылай деген қазақстандық ақ халаттылар мұны коронавирус кесірі дейді.

Сөздерінше, оның алдын алу үшін биыл жүкті болуға ниеттілерді вакцинациялау керек. Оның ана болуға еш кедергісі жоқ деген мамандар тіпті, екпе салдырған соң бала көтеріп жатқандардың барын айтады.

Вячаслав ЛОШКИН, м.ғ.д., профессор, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті: «Жүкті болуға ниеттілердің және ЭКО жасатқысы кеп жүрген келіншектер вакцина салдыруы керек. Сонда ол ана мен бала денсаулығын қауіптен сақтайды. Елімізде вакцина салдырғандар да жүкті болуда. Ел арасында жүрген өтірік қауесетке құлақ аспау керек».

Назерке Үкібасова