COVID-19 буын ауруларына қалай әсер етуде?

151

COVID-19 буын ауруларына қалай әсер етуде? Ревматолог дәрігерлер пандемия кезеңінде инфекция жұқтырған және буын аурулары бар науқастармен жаңа мәселелерге тап болған.

Тәжівирусы науқастардың әлсіз тұсынан ұстауда. Бұл туралы Шымкентте өтіп жатқан «Ревматология COVID-19 дәуірінде» атты медицина саласы мамандарының конференциясында мәлім етілді. Екі күнге созылатын шеберлік сабағының басты мақсаты — ревматолог дәрігерлерді буын ауруларының COVID-19 –бен байланысын зерттеуге, үйренуге шақыру.

Шоқан Баймұхамедов, Буын аурулары медициналық орталығының директоры: «15 жыл бұрын Шымкент қаласы бойынша 3 ревматолог маман болса, бүгінде 60-тан астам кәсіби дәрігер бар. Бұл семинарға Еуразия ревматологтарынан 20-ға жуық үздік профессорлар тартылған. Атап айтқанда Италияның, Германияның, Ресей және әрине Қазақстанның үздік дәрігерлері. Алғаш рет ревматологтардың үлкен мектебін екі режимде: онлайн және оффлайн форматта өткізудеміз. Бұл қалыптасып жатқан мамандар үшін үлкен білім көзі. Ревматалогия бүгінгі таңда маңызды сала».

Ақ халаттылардың айтуынша, ерте ме, кеш пе әрбір адам буын ауруларымен күресетін болады. Дегенмен, бүгінде бізде ревматизм ауруларының барша түрін емдеуге мүмкіндік бар. Сәйкесінше, конференция тек шымкенттік емес, Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі ревматолог мамандардың шеберлігін арттыру үшін ұйымдастырылып отыр.

Айта кетейік, ревматолог мамандарының Халықаралық мектебі конференциясы алғаш рет 2006 жылы өткізілген болатын.

 Ақмарал Айтбаева