Өткен тәулікте 2 435 адам вакцина алды

28

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 2435 адам вакцина салдырды: I компонент – 1503, II компонент – 932. Егу науқаны басталғалы барлығы 207 471 адам вакциналанды. Оның ішінде 111 647 адам вакцинаның екі компонентін алды. 13 маусым күні КВИ-дің 42 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 21, белгілері жоқ – 21).

9 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 33 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 20 мобильдік топ жұмыс істейді.

2021 жылы 13 маусым күні 187 нысанға (186 кәсіпкерлік нысан, 1 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Вакциналау бекеттерінің саны артып келеді. Қала тұрғындарын қоғамдық орында бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі