Синоптиктер Шымкентте желдің екпіні күшейеді деп болжам жасауда

132

Маусымның бірінші күні болған дауылды желдің себебін синоптиктер түсіндірді.

Салқын және жылы ауаның кездескен массалары арасындағы температура айырмашылығы облыс пен қала аумағында көп болған. Суық ағын жылы ауаны ығыстырып, ол тез көтеріліп түс қайта бұлттар түзілді. Соның әсерінен кішкене аздаған жаңбыр жауып, найзағай, дауылды жел болды. Желдің екпіні 15-24 м/сек дейін жеткен.

Әсия Қыдырбаева, «Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалының бөлім басшысы: «Алдағы тәулікте қалада жауын шашынсыз ауа райы күтіледі. Ертең күндіз жел 15-20 м/сек күшейеді. Ауа температурасы түнде 20-23 градус болса, күндіз сынап бағанасы 34-36 градусқа дейін ыстықты көрсетеді».

Шынар Оразова