Түркістаннан Ташкентке жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды

183

Аптаның басында Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан «Түркістан-Ташкент» бағытында отандық әуе компанияның ұшағы көкке көтерілді. Тұрақты рейстер әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндеріне белгіленген.

Аталған бағыттағы билеттің құны 9 999 теңгеден басталады. Өзбекстан астанасына түйісу рейстері арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына ұшақпен жетуге мүмкіндік бар. Бұл бағытта билеттерді брондау бүгінгі күннен басталды.

Шынар Оразова