Шымкенттік құтқарушылар мен өрт сөндірушілер республикалық сайыстан жеңіспен оралды. Елішілік жарыста қаламыздың әйелдер командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иемденді.
Бұл – Шымкент мәртебесін асырған жеңімпаз спортшылары. Бәрі де өрт сөндіру және авариялық-құтқару саласында қызмет етеді. Олар жылда ұйымдастырылатын республикалық сайыстан биыл да жүлделі оралды.
24-29 мамырда Атырау қаласында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Республикалық турнирі өтті. Сайысқа барлығы 10 ерлер командасы мен 8 әйелдер командасы қатысты.
Қуаныш Арсланов, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі: «Сайыс өте тартысты өтті. Жақсы дайыналдық. Спорттық үш түрі бойынша жарыс өтті».
Шымкент қаласының әйелдер командасы оқу мұнарасының 2-қабатына иінді сатымен көтерілуден және өрт эстафетасынан 1-орындар алды. Кедергісі бар 100 метрлік жолақтан өтуден 2-орын иемденіп, жалпыкомандалық есепте бірінші болды.
Камила Есенғали