Жүк вагоны өртеніп кетті

225

Шымкент қаласы ТЖ департаменінің жедел кезекшілеріне 2021 жылғы 14 маусымда сағат 19:31-де темір жолда өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімдері Еңбекші ауданындағы Көксай-3 көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйдің алдында орналасқан 23-темір жолда тұрған жалпы көлемі 36 ш.м. жүк вагоны жанғандығы анықтаған.

Жүк вагоны ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ашық жерде бөлек тұрған. Өрттің көлемі 20 ш.м. құрап, ішкі ағаш қаптамасы жанды. Өрт сағат 19:41-де оқшауланып, сағат 19:51-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Өрттің шығу себептері мене материалдық шығыны анықталуда.
Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 13 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы