Күні кеше елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Түркістан облысындағы 60 сайлау округінде әкімдер сайланды. 166 үміткер бағын сынаған саяси додада түркістандық тұрғындардың 79 пайызы өз таңдауын жасаған.
Ал сайлауда алғаш болып дауыс бергендер сайлау учаскесінен сыйлық алып қайтты.
25 шілдеде еліміз бойынша тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Бұл додада Түркістан облысындағы 60 ауыл округі бойынша әкім сайланды. Саяси додаға түскен үміткерлердің саны 166.
Ең көп дауыс алған әкім Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауыл округінен түскен кандидат екен. Оған 8 839 сайлаушы өз дауысын берген. Ал ең аз 49 дауыс Қазығұрт ауданы, Жігерген ауылдық округінде жиналған. Әкім болып сайланғандардың 17-і, ешқандай саяси партия атынан емес, үміткерлікке өзін-өзі ұсынғандар екен.
Әлібек Өмірәлиев, Түркістан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы: «Әкімдердің 44-і сайлау өткен ауыл округтерінен, 4-еуі аудандардан, 12-сі басқа ауыл округтерінен. Сайланған ауыл әкімдердің 43-і саяси партиялардан ұсынылған.» Нұр Отан «партиясынан 41,» Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясынан 1, «Адал» саяси партиясынан 1, өзін-өзі ұсынғандар 17. Сайлау бюллетендерін қайталап санау сайлау учаскелерінде өткізілмеді. Соттарға, жоғары тұрған комиссияға сайлау комиссияларының іс-әрекеттері туралы арыз-шағымдар түспеді».
Түркістандық сайлаушылар бұл саяси дода белсенділік танытты. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, саяси додада дауыс беру құқығына ие тұрғындардың 79 пайызы өз таңдауын жасаған. Бұл 209 227 сайлаушы.
Ал өңірдегі жалпы сайлаушы саны — 265 146. Кейбір тұрғын үшін бұл дода есінде ұзақ сақталмақ.
Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылының тұрғыны Мафтуна Нажиева алғаш рет сайлауға қатысып отыр. 18 жасқа толған бойжеткен «ең жас сайлаушы» деп танылып, оған сыйлық ретінде иіссу табысталды. Бойжеткеннің пікірінше, саулауда мұқият болу керек. Өйткені, таңдалған әкім ауылдың ертеңіне тікелей жауапты.
Мафтуна Нажиева, Сайрам ауданының тұрғыны: «Ауыл әкімін сайлау болашақ жастар үшін де, қарт кісілер үшін де, жалпы халық үшін маңызды деп есептеймін. Өйткені ауыл әкімін сайлаумен олардың жағдайын түзеуі немесе артқа кетуі соған байланысты болады ғой. Ауылда қала сияқты өмір сүруді жағдай жасау үшін ауыл әкімімін сайлағанда өте мұқият болу керек деп есептеймін».
Сайланған ауыл әкімдерінің 16-сы мемлекеттік қызметкер. Бұған дейін әкім қызметін атқарып келген 17 кандидат қайта әкім болып сайланды. Сайлауда жеңіске жеткендердің орта жасы шамамен 46-47 екен. Ең кішісі 29-да болса, ал ең үлкені 61 жаста.
Олжас Айдарбек