«Дельта» штамының алғашқы белгілері: Іш ауру мен жүрек айну

276

Коронавирустың «дельта» штамының ауру белгілері уланумен ұқсас келеді. Аса біліне қоймайтындықтан індетті жұқтырған адам ауырғанын байқамай қалуы да мүмкін.

Науқастар арасында бірнеше күн өткізіп, тіпті 5 күнге дейін білмей келіп жатқандары бар. Көптеген науқаста 3-4 күнде іші ауырып, 5-6-күндері жөтеліп, кейін өкпесі зақымдалады.

Осылай деген ақ халаттылар дельта штамы ауруының басты ерекшелігі адамдарға тез тарауында, әрі оны емдеу ұзақ уақытты алуда дейді.

Шадияр Шындаулов, Шымкент қалалық №14 жұқпалы аурулар орталығының пульмонологы: «Көбінесе асқазан ішек-жолдарында жүрек айну, құсу,  диарея, ішкі ағзалардың ауырсыну белгілері және бел айналымындағы ауырсыну байқалып жатыр. Және емдеу жолы алдыңғымен салыстырғанда ұзақтау болып жатыр және ауыр өтуде».

Дәрігерлердің сөзінше, вирус қанша мутацияланса да, сақтанудың бір ғана жолы – вакцина қабылдау. Себебі, дельта штамын жұқтырғандардың көбі екпе ектіргемегендер екен. Сондай-ақ ақ халаттылар аталған белгілер байқалған жағдайда бірден дәрігерге жүгіну керектігін ескертеді.

                                    Мөлдір Ибадуллаева