Демалыс күндері автобус жүрмейді

390

Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! Эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты шаһардың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес бұған дейін сенбі күні өткізіліп келген азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі жұма күнге ауыстырылды.

Өткізілетін орны: Қажымұқан атындағы орталық стадионның көлік тұрағы.
Айта кетейік, жаңа қаулыға сәйкес қалада сенбі, жексенбі және мереке күндері қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады.

Базарлардың да жұмысы демалыс күндері шектеледі, тек жұмыс күндері 20:00-ге дейін ғана істейді. Ал дәмхана секілді қоғамдық тамақтану орындарына АШЫҚ қосымшасын қолдана отырып сағат 20.00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілді.