Коронавиурсқа қарсы вакцинаны жаппай салдырған ұжым

115

Коронавирус індетін жұқтыру бойынша Шымкент «қызыл» аймақта. Індеттен қорғанудың тиімді жолы екпе алу.

Қаланың төңірегіндегі «Тассай» индустриалдық аймақтағы жиһаз шығаратын мекеменің қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдап, өздерін аурудың ауыр ағымынан, індеттен келетін қауіптен қорғады.

Өндіріс басшысы Рашид Шарифулин тапсырыстың орындалуын қадағалауда. Жұмыстың кестеге сай жүріп жатқанына риза. «Бір жағынан қызметкерлердің көпшлігі коронавирусқа қатысты толық екпе жасағаны да жақсы болды, өндірісті тоқтатпай ағымдағы жылға алған міндеттемелерімізді орындаймыз»,- дейді өндіріс басшысы.

Рашид Шарифулин, Меgа АRТ mеbеl өндіріс басшысы: «Отбасымды, туыстарымды  жанымдағы әріптестерімді коронавирустан қорғау мақсатында вакцина салу жөнінде шешім қабылдадым. 1-ші мамырда алғашқысын кейінгісін 21 күннен кейін жасаттым. Қазір еш уайымсыз өздеріңіз көргендей қызметімді атқарудамын. Бізге тапсырыс тек Шымкенттен емес жақын және алыс елдерден түседі. Сондықтан денсаулығымыз мықты болғаны барлығына тиімді».

Mega SMART серіктестігі қызметкерлерінің бірқатары бірінші компонентті қабылдап, коронавирусқа қатысты вакцинаның  екіншісі  салуға дайын. Екатерина Поспелова коронавирусқа қарсы екпені жақында екінші дозасын қабылдады. Содан бері ауруды жұқтырып аламын деген ойдан арылдым дейді.
Екатерина Поспелова, Mega SMART ЖШС -нің сатып алу жөніндегі менеджері: «Мен үлкен ұжымда істеймін, сондықтан жауапкершілікті сезінемін. Оларды және өздерімнің туыстарымды егде жастағы ата -аналарымды, баламды, отбасымды қорғау мақсатында вакцина ектірдім. Бұл дұрыс қадам деп ойлаймын».

Ұжымда жастар да орта буын өкілдері зейнет жасқа жақындап қалған қызметкерлер еңбек етуде. Мақсаттары бір- өндіріс еш кедергісіз жұмысын жалғастырса. Өз тараптарынан тиісті екпені жасады. Енді алаңдауға еш негіз жоқ- дейді олар.

Шынар Оразова