Өткен тәулікте 4 641 адам екпе салдырды

60

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 4641 адам вакцина алды: I компонент – 2671, II компонент – 1970. Егу науқаны басталғалы барлығы 315 332 адам вакциналанды. Оның ішінде 190 928 адам вакцинаның екі компонентін алды.

11 шілде күні қалада КВИ-дің 264 жағдайы тіркелді. 101 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 163 адам үй бақылауына алынған.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1776 орын бар. Төсек-орын толымдығы – 51 %.

2021 жылғы 11 шілде күні шаһарда 323 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 9 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкент қаласында 40-тан астам вакциналау бекеті жұмыс істейді. Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі