«Құрсай» елді-мекенінде сапалы ауыз су құбырының құрылысы басталды

260

Шымкенттегі Абай ауданына қарасты «Құрсай» елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмысы басталды.

Аталған нысанның құрылысы 2 кезең бойынша, мердігер мекеме «Риголит» ЖШС тарапынан жүргізілетін болады.

Ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесінің құылысы келер жылға өтпелі. Яғни, құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қарашасында толық аяқталып, 42 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.