Úı ANONS Шымкентте бәйшешек гүлдеді

Шымкентте бәйшешек гүлдеді

Күнтізбеде қыс болса да, табиғат қазірдің өзінде көктемнің алғашқы белгілерін сездіріп жатыр. Қаланың шеткі аудандарындағы орман белдеулерінде «Қызыл кітапқа» енген Алатау крокустары көрінді. Олардың  сұлулығы көз қуантады және көктем мен жылудың жақындап келе жатқанын білдіреді. Ал алғашқы Алатау крокустары жайлы тілшіміз айтсын

Алатау крокусы — ресми атауы осы. Бұл гүл «Қызыл кітапқа» енгізілген, пиязшық тәрізді өсімдік болғандықтан, оны жұлып алу өте қиын.

Көктемнің жаршысы бәйшешек гүлдеді. Қақаған қыстан аман шығуды үміттене күткен қазақ үшін сүйінші хабар жеткізген өскін қаланың шетіндегі жазықта бой көтерген. Өңіртанушы Александр Трофимов күннен нәр алған аппақ гүлдерді көрсетіп: «Бұл көрініс оңтүстік тұрғындарына қалыпты болса да, солтүстіктен келген адамдар үшін бұл шынайы ғажайып», — дейді

АЛЕКСАНДР ЕВЧЕНКО, ӨҢІРТАНУШЫ: «Қардың астынан шыққан әр бәйшешек адамдардың жүрегін тебірентеді. Біз үшін ақпанда бұл гүлдің өсуі қалыпты. Дегенмен Солтүстіктен келгендер үшін бұл көктемнің келуін білдіретін сиқырлы сәт».

«Қызыл кітапқа» енгізілген бұл гүлдер көктемдік флораның ерекше түрі. Ақпанның салқын  ауа райында  олардың қара қатқақ жерді жарып шығуы табиғат күшінің, оның жаңаруының белгісі. Дегенмен, Алатау крокустарын жұлуға рұқсат жоқ. Заң бойынша әрбір гүл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

ҰЛАН ЖОЛДАСБЕКОВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Біздің өңірде өсетін Алатау крокусы «Қызыл кітапқа» енгізілген. Заң бойынша әрбір гүлді жұлу — 3000 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейді, әр бір гүл үшін 0,5 АЕК шығын есептеледі».

Алғашқы Алатау крокустары Шымкенттің батыс бөлігінде, Құрсай микрорайонында өскен. Бірақ бұл өскіннің бой көрсетуі күн жылынуына кепіл емес. Метеорологтар ақпан айының ауа райы әлі тұрақты емес екенін болжау жасауға ерте екенін ескертеді.

Ботакөз Әнуар