Шахташылар мекен еткен ауыл

90

Біздің түсірілім тобы Түркістан облысындағы Хантағы ауылдық округінде болды. Бір кездері бүкіл Кеңес Одағына белгілі болған ауылда пайдалы қазбалар өндіретін шахталар жұмыс істеген екен. Бүгінде мұнда 6 мыңнан астам адам тұрады.

Бұл ауылдың орталық бөлігі. Кеңес Одағы кезінде көпке белгілі болған ауылдың қазіргі тұрғындары тыныштықта өмір сүруде. Басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. КСРО кезіндегідей жұмыс жоқ. Ал бұл аумақта бір кездері шахта жұмысшылары тұрған. Көпшілігі Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұл жақтан қоныс аударып кеткен. Бірақ, қазір де бұл үйлер бос емес.

Ауылда жол сапасы сын көтермейді. Тіпті мүлде жоқ. Бірақ жақын арада салынады деп жоспарланып отыр екен. Ауыл әкімі мемлекеттік бағдарлама бойынша барлығы қарастырылған деп сендірді. Тек уақыт қажет. Дегенмен туристер үшін арнайы 8 шақырым асфальт төселіпті. Ал тұрғындар тек туристерге емес, қарапайым халық үшін де жағдай жасалғанын қалайды.

Бауыржан Жорабеков, Хантағы ауылдық округінің әкімі: «Біз алты көшеде жолдар жасадық, біз де осы көшелерге көшеміз. Алдымен олар орталық бөлікті жасауды жоспарлады. Электр қуатымен де проблема болды, біз оны да шешеміз! Қазір қоқыс шығару мәселесін шештік, арнайы техника үнемі келіп тұрады».

Бұл ауылда бір кездері пайдалы қазбалар өндірілген, зауыттар, шахталар мен кәсіпорындар жұмыс істеген. Бүгінгі таңда кәсіпорындардың көбі орнында, кейбірінде жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді. Ауыл әкімінің сөзінше, тұрғындар мал бағып, шағын бизнеспен айналысады екен.

Бауыржан Жорабеков, Хантағы ауылдық округінің әкімі: «Бізде проблема жайылымдық жерлер. Бұл жұмысшы ауыл болды. Бірақ бұл мәселені біз қазір шешіп жатырмыз. Біз барлық құжаттарды жинап, жер қатынастары басқармасына тапсырдық, жауап күтеміз».

Ауылда ауыз су мәселесі шешімін тапқан. Көшелер де жақында ғана жарықтандырылған екен. Екі мектебі мен бір медициналық орталығы бар ауылға алдағы уақытта газ кіргізілмек. Тек қашан екені әзірге белгісіз.

                                                                                        Мөлдір Ибадуллаева