Шымкентте 200-ден астам адам қораз төбелестіруге келген

153

Шымкентте 100-ден астам адам жиналып, қораз төбелестірген. Бұл заңсыз әрекетті тәртіп сақшылары рейд кезінде Сайрам елдімекеніндегі Жаңа-құрылыс көшесінен анықтаған.

Видеодан қораз төбелестіруге арнайы ғимарат терезесінен жиналғандардың кейбірі қашып бара жатқанын көруге болады. Полиция департаментінің мәліметінше, бұл ойынды ұйымдастырушы жергілікті тұрғын. Аталған жайт бойынша жинақталған құжаттар СЭС мекемесіне карантин режимінің бұзылуына жол берген азаматтарға қатысты 425-бабы бойынша заңды шешім қабылдау үшін жолданыпты.

Айта кетейік, ойын мекемесiн заңсыз ашқан немесе ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастырған және өткізгендер қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Алайда бұл жолы полицейлер тек әкімшілік кодекс бойынша хаттамамен шектеліпті. Айтуларынша, бұл жерде қылмыстық іс-әрекет анықталмаған. Себебі қораз төбелестіру кезінде бәс, яғни ақша тігілмеген көрінеді.

Макен Алтынбаев, Шымкент қ. ПД Қаратау АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары:
«Бүгін 23 шілде 2021 жылы рейд жүргізу барысында Сайрам елді мекенінде қораз төбелестіру адамдар ұйымдастырып 200-дей адам жиналғаны бойынша осы жерде бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 425-ші бап бойынша осыны ұйымдастырған азаматқа түсініктеме алып, санитарлық эпидемиологиялық басқармасына жолданатын болады».

Олжас Айдарбек