Шымкентте сауда орталығында «өрт» шықты

114

Шымкентте сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт шықты. Ондағылар шұғыл түрде ғимараттан эвакуацияланды. Алайда бұл төтенше жаағдай шартты түрде болып шықты.

Сауда орталығында оқу-жаттығу өткізіліп, дағдылар мен өртке қарсы жүйелер пысықталды. Нағыз өрт болған жағдайда не істеу керек?

Ірі сауда ойын-сауық орталығының ғимаратында өрт шықты. Электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алып, жалын кинозалды шарпып жылдам тарала бастады. Осындай сценариймен бүгін құтқарушылар оқу-жаттығу өткізді.

Өрт кезінде ғимаратта орталық қызметкерлері және ондаған келушілер болды. Дабыл қағып оларды шұғыл эвакуациялауға тура келді. Ғимараттың алдына жиналған куәгерлер болған оқиғаны видеоға түсіріп әлек. Абырой болғанда өрт шынайы емес, шартты түрде.

Аманбек Бейсембаеа: «Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары:
» Шартты өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Сауда орталығының қызметкерлері «101» қызметіне өрт туралы хабарлады. Кестеге сәйкес оқу-жаттығу орнына арнайы күштер мен құралдар жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін өрт сөндіру штабы және екі өрт сөндіру учаскесі құрылды, 380 Вттық электр қуаты ажыратылды».

Өрт сөндірушілер арнайы сатымен төрт қабатты ғимараттың төбесіне шықты. Ал іштегі құтқарушылар зардап шеккен келушілерді эвакуациялады. Оқу-жаттығу нақты өрт болған жағдайға арналып пысықталуда.

Асан Бейімбетов, сауда ойын-сауық орталығының бас директоры:
«Негізгі мақсат – қызметкерлердің дағдыларын дамыту және өрт қаупі немесе өрттің өзі туындаған жағдайда өз бетінше тез және дәл бағдарлай білу. Ресми ескертуден кейін келушілер, жалға алушылар, қызметкерлер бөлмеден белгіленген жерге баруы керек. Сондай-ақ, олар бес минут ішінде ғимараттан кетуі тиіс. Осы іс-шаралардың барлығы алдын ала пысықталады».

Оқу-жаттығу жұмыстарына 11 өрт сөндіру көлігі, апаттар медицинасы орталығының мамандары, полиция қызметкерлері, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды.