Түркістан облысында халықты вакцинациялау жалғасуда. Өңір тұрғындарының 50 пайыздан астамы антидот алып үлгерді.
Ұйымдарға немесе кәсіпорындарға вакцина әкелетін көшпелі топтар да жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыстың бас санитарлық дәрігері тұрғындарды тезірек вакцина алуға шақырады, өйткені жағдай күн сайын күрделене түсуде.
Түркістандық аурухананың қызыл аймағындағы бұл жағдайларды қараудың өзі қиынға соғады. Мұнда ауыр жағдайдағы науқастар жеткізіледі.
Дәрігерлер өлім жағдайлары тіркеліп жатқанын жасырмайды. Тек коронавирусқа қарсы вакцина ғана тығырықтан шығатын жол екендігін айтады. Антиваксерлер болса, өлімге әкеп соғатын аурудан емес, екпе алудан қорқады. Көп науқастар өз бетінше емделгенді жөн көрсе, кейбіреулер ауыр жағдайда ауруханаға түсіп жатады.
Арнайы бригада вакциналарды Түркістан қонақ үйлердің біріне жеткізеді. Ондағы қызметкерлер екпені жұмыс орнында қабылдауда. Араларында вакцинаның екінші компонентін салдырғандар да бар.
Динара Айкенжеева үшін вакцина алмаған қызметкерлер үшін жұмысқа рұқсат беруді шектеу — ең қорқынышты дүние емес. Ол екпенің ауыр сырқаттан қорғайтынына сенімді.
Динара Айкенжеева, Түркістан қаласының тұрғыны: «Онсыз болмайды деді, алу керек міндетті түрде. Ешқандай қорқынышты емес. Бірінші жеңіл өтті, екіншісін енді көреміз».
Рухани астана тұрғындарының көпшілігі вакцина салдыру дұрыс деп санайды. Олар екпе салдыру аурудан қорғанудың тиімді жолы екеніне сенімді.
Түркістан облысының бас санитар дәрігері вакцинация паспортын қолдан жасау қылмыстық жазаға әкеліп қана қоймай, қауіпті екенін де ескертеді! Себебі екпе салдырмастан, құжат алғандар коронавирус жұқтырып, жақындарына жұқтыруы мүмкін.
Сайып келгенде, екпе алу керек пе, жоқ па — бұл әркімнің таңдауы. Ең бастысы өзіңізді қорғаймын деп үміттеніп уақыт өткізіп алмасаңыз болғаны.