Гепатитке қарсы егу басталды

Дәрігер егу жұмыстарына дайын

«Гепатоцентр» медицина орталығы «А» вирустық гепатитіне қарсы егу шараларын бастады. Жекеменшік клиника бір айлық шара аясында 1400 азаматқа тегін вакцина егуді жоспарлап отыр.

Дәрігер егу жұмыстарына дайын
Дәрігер егу жұмысына дайындалуда

Гепатиттің бұл түріне қарсы егу жұмыстары 2 жастан басталады. Бұл вакцинацияның ерекшелігі сол – жыл сайын жасалмайды. Бір екпенің жарамдылығы 20-30 жылға дейін жетеді.

 Еркін Күлманбетов, гепатолог-дәрігер: «Гепатиттің «А» түрі – маусымдық дерт. Ол күз-қыс айларында белең алып, көбейе бастайды. Тағы да бір айта кетерлігі – әр 5-6 жылда қайталап отыруы мүмкін. Сондықтан біз көпшілікке «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуге» кеңес береміз.»