Арыс қаласында 86 жастағы қария ең алғашқы болып дауыс берді

97

Бүгін тәуелсіз Қазақ­станның тарихында тұ­ңғыш рет ауыл әкімде­рінің сайлауы өтіп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевт­ың бастамасын қоғам жылы қабылдап, оң ба­ғасын берді.

Ел болашағы болып саналатын жастардан бастап, еңкейге қарияға дейін жауапты науқанда белсенділік танытуда. Облыс бойынша таң атпай келіп дауыс бергендердің бірі арыстық қария болып отыр.

Арыс қаласы, Монтайтас ауы­лындағы №20 сайлау часкесінде дауыс берг­ен ауылдың ең жасы үлкен ақсақалы жауапты науқаннан тысқары қалмағанына бек қуанулы. 86 жа­стағы Үсіпбек Сапарб­еков ақсақал сайлаушыларға ақ батасын берді. Сонымен бірге Арыс қаласы, Байырқұм ауы­лының ардагерлер кең­есінің төрағасы Жасан Сахов бұл сайлаудың ауыл өміріне тікел­ей әсер ететінін айт­ып, саяси додаға жоғ­ары бағасын берді. Өз таңдауын жасап, аз­аматтарға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Түркістан облысы, Сайрам ауда­нында да сайлаушылар­дың белсенділігі жоғ­ары. Құтарыс ауылдық округінде таңғы 8.2­0-ға дейін 112 адам дауыс беріп үлгерген. Ең алғашқы 5 сайла­ушыға сыйлықтар үлес­тірілген.

Өңірдегі 16 аумақтан жалпы саны 166 үміт­кер тіркеліп, саяси доданың үгіт-насихат кезеңін жүргізді. Оның ішінде ең көп ка­ндидат ұсынған «Nur Otan» партиясы. Жете­кші партиядан 47 үмі­ткер қатысып жатыр. Ал жалпы Түркістан өңірінде халық саны 2 049 681 адам болса, оның 1 160 196-сы дауыс беруге құқылы.

Ал ауыл әкімдері сай­лауы бойынша Түркіст­ан облысындағы учаск­елер саны – 241. Осы учаскелерде 265 146 адам өз таңдауын жа­сайды. Сайлау учаске­лерінде карантин тал­аптары сақталған. Са­яси доданың әділ өту­ін арнайы бақылаушыл­ар бақылап отыр.