Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының 2021 жылғы 6 тамыздағы «Инфекциялық стационарды ұйымдастыру туралы» №379-н/қ бұйрығы бойынша, Шымкент қаласындағы М.Х. Дулати көшесі 205 мекен-жайында орналасқан Политехникалық колледжінің базасында инфекциялық стационар 9 — тамыздан бастап ашылды.
Сол күннен бастап COVID-19-бен ауырған науқастар ем қабылдауда. Емхананың медицина қызметкерлері күндіз-түні науқстарға ем-дом жасауда. Медицина мекемесінің білікті дәрігерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында ауруынан айыққандар қатары артып келеді.
Ем қабылдап, індеттен айыққан науқастар Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасына, №1 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.