Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 26 жыл толды. Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің ИЧ-167/11 мекемесінде «30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция» күні мерекесіне орай , мекемеде жазасын өтеуші сотталғандар арасында «Ата заң – Тәуелсіздіктің тірегі» атты интеллектуалдық, концерттік, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Мерекелік іс-шараның ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының ән ұранымен ашылып, мекеме бастығының тәрбие істері жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Булгаков Бахыт Бөрібекұлының құттықтау сөзімен басталды.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесі туралы бейнеролик көрсетіліп, викториналық сұрақ жауап ойындары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, кір тасын көтеру, шахмат, үстел теннисі бойынша спорттық ойындар ұйымдастырылды.