Автокөлік алып беремін деп, ақшасын алып, сан соқтырған

75

2021 жылдың 26-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, танысы автокөлік алып беремін деп, алаяқтық жолмен 2.000.000 теңге ақшасын иемденіп кетіп, осы күнге дейін уәдесін орындамай қашып жүргенін жазып көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкенттік полицейлер тұрғындарға бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.