Квазимемлекеттік сектордың сатып алу конкурстарындағы кепілдік кедергісі азайтылмақ

144

Квазимемлекеттік сектордың сатып алу конкурстарындағы кепілдік кедергісі азайтылмақ.

Ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметтер мен тауарларды сатып алу тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Өзгеріс тендерге құжат өткізу кезінде берілетін банктік кепілдіктермен байланысты.

Бұған дейінгі тәртіп бойынша әлеуетті өнім беруші тендер құжатымен бірге беретін банк кепілдігін ұсынатын екінші деңгейдегі банктің рейтингі Standard&Poor’s/FitchRatings халықаралық рейтингтік агенттіктері эмитентінің «BB-»-тен төмен емес және Moody’sInvestorsService бойынша «Ba3»-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингіне сәйкес келуі тиіс болатын. Ұсынылып отырған өзгеріс дәл осы талапты алып тастауды көздейді.

Шынар Оразова