Медиация тақырыбына эссе жазу байқауының жеңімпаздары марапатталды

148

 

Шымкент қалалық сотында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Медиация туралы» Заңының қабылданғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Дау мұраты – бітім» атты эссе конкурсының жеңімпаздары мен медиаторлар марапатталды.

Қалалық соттың бастамасымен ұйымдастырылған шараға Шымкент қалалық сотының алқа төрағасы М.Парменов пен Абай аудандық сотының судьясы Л.Ауелбекова, қалалық адвокаттар алқасының төрағасы С.Баймұратов, медиаторлар мен студенттер және жоғары сынып оқушылары қатысты.

Үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде жарияланған эссе байқауына қатысуға ниет білдірген оқушылар мен студенттерден жалпы 40 шақты жұмыс түскен. Қазылар алқасына судьялар, адвокаттар мен медиаторлар енді. Олар медиацияның қоғамдағы орны, тиімділігі мен дамытудың тетіктері туралы еркін форматта жазылған эсселердің арасынан ең мазмұны айшықтылары мен үздіктерін іріктеді.

Қазылар алқасының шешімімен, «Ең үздік» номинациясымен «№4 балалар үйінің» тәрбиеленушілері Александра Пустовойтова және Карина Ли, ал «Үздік» номинациясымен Бақытжан Әбдіжаппаров пен Ержан Алмахан марапатталды. Жансұлу Мырзабек, Арсен Байметдиев және Ақнұр Уалиқызы арнайы «Мадақтамаға» ие болды.

Сонымен қатар, Медиация күніне орай кәсіби медиаторлар Лаура Ақшегірова, Динара Байсерікова, Елмира Есімбетова, Дана Кенжеқұлова, Нұрбала Оразқұлова және Жастар мәслихатының депутаты Жасмин Ашимова «Алғыс хаттармен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды