Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 4377 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды: I компонент-1913, II компонент-2424. Егу науқаны басталғалы барлығы 410 096 адам вакциналанды. Оның ішінде 338 515 адам вакцинаның екі компонентін салдырды.

20 тамыз күні КВИ-дің 328 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 287, белгілері жоқ – 41). 211 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 117 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар. Төсек-орын толымдығы 61 %-ды құрайды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 453 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шаhарда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі жағдайда. Қала тұрғындарын карантиндік талаптарды сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі