Қарабұлақта медицина-сауықтыру орталығы ашылды

166

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының кәсіпкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Конституция күніне орай ауыл тұрғындарына тарту жасады.

Қарабұлақ ауылдық округінің Далабазар көшесінде жеке кәсіпкер Шерзад Нишановтың демеушілігімен 70 орындық «Әл Каусар» медицина-сауықтыру орталығы ашылды.
Кәсіпкер жұмсаған инвестиция көлемі-120 млн. теңгені құрайды.

Кәсіпорын түрлі науқастарды емдеу мақсатында физикалық терапия, циркулярлық душ, ішек жолдарын тазарту, неврологиялық және жүрек емдеуге қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Жаңа кәсіпорынның ашылуымен 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, олардың орташа жалақысы 120 мың теңгені құрайды.