Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд. АҚШ долларына жуықтады

114

Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд. АҚШ долларына жуықтады. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев мәлім етті.

Атап айтар болсақ, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3 млрд-тан астам АҚШ долларын құрады. Биыл 6 айдың ішінде екі ел арасындағы тауар айналымы 1,9 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,3%-ға жоғары.

Қазіргі уақытта Өзбекстан республикасы аумағында Қазақстан капиталының қатысуымен 858 өнеркәсіп жұмыс істеп тұр.

Шынар Оразова