Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 410 жағдай (338 симптоммен, 72 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 237 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 174 адам үй бақылауына алынды. бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 5024 адам вакцина алды (I компонент-2320, II компонент-2927). Егу науқаны басталғалы барлығы 404 016 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 331 171 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға шақырады.