Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын бұзған моншаны анықтады

160

Ағымдағы жылы 4-тамызда, сағат 21:21 шамасында, Шымкент қаласы Еңбекші АПБ-ның қызметкерлерімен карантин шектеулерін сақталуын қадағалау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Нәтижесінде, Шымкент қаласы «Еламан» т/а №95/7 мекен жайында орналасқан «Алтын-Арасан» моншасы жұмыс жасап тұрғаны және монша қызметкерлері жұмыс барысында медициналық бетперде тақпай қызмет көрсеткендігі анықталды.

Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі