Жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі тұрақтанды. Қуаңшылық қысқан Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына жем-шөп сатып алуға Үкімет резервінен 3 млрд. 600 млн. теңге бағытталды.
Мал азығына қосымша 43 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Шаруаларға қолдау ретінде форвардтық сатып алу көлемі ұлғайтылып отыр. Бұл бағытқа былтыр 25 млрд. теңге бөлінсе биыл 40 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылған. Кәсіпкерлер егін орағынан соң өнімді сататын нарық іздеп сандалмайды.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясына өткізеді. Үкімет басшысы Асқар Мамин энергетика министрлігіне егін жинау кезінде шаруаларды жанар жағар маймен қамтамасыз етуді тапсырды.
Шынар Оразова