Елде 10 сауда желісі азық-түліктің бағасын заңсыз өсірген.
Олар әлеуметтік маңызы бар азықтың сатып алу бағасын тағы 15%-тен жоғары көтеріп, қымбатқа саудалап келген.
Бәсекелестікті қорғау агенттігі қазір нарыққа тексеріс жүргізуді бастады. Тауарды негізсіз қымбаттатқан саудагерлерді жауапқа тарту үшін әкімдіктерге хат жолдаған. Әлеуметтік азық-түлікке ұн, жұмыртқа, күріш, қант пен сүт өнімдері секілді 19 түрлі тауар кіреді. Жауаптылардың айтуынша, қаңтардан тамызға дейін олар 9,9%-ке шарықтаған.
Естеріңізге сала кетейін, бағаны тұрақтандыру мақсатында Үкімет әлеуметтік маңызы бар 19 тауарға бағаны бекітілген аралықта ұстау жөнінде өңір басшыларына тапсырма берген болатын.
Шынар Оразова